Су добынан Қазақстанның U19 ерлер құрамасы Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Таиландтың Бангкок қаласында жас ерекшелік топтары арасындағы су добынан Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. 12 елдің үздік спортшылары қатысқан құрлық біріншілігінде Қазақстанның 19 жасқа дейінгі ерлер құрамасы күміс жүлдеге ие болды.
Ұлттық құрама сапында елордалық спортшылар Әкімбай Алдияр, Бобровский Мстислав, Әбілқасым Рамазан, Умергалиев Арыстан, Талипов Асанәлі, Бакиянов Алмас, Сарсекеев Данияр өнер көрсетіп, команданың жоғары нәтижеге жетуіне зор үлес қосты.
Сонымен қатар, ұлттық құрама қақпашысы, елордалық спортшы Талипов Асанәлі Азия чемпионатының қорытындысы бойынша «Үздік қақпашы» (Best Goal keeper) номинациясының иегері атанды.
Азия чемпионатының алтынын Жапония құрамасы жеңіп алса, қола медаль Қытай құрамасына бұйырды.
Айта кетейік, Қазақстанның U19 әйелдер құрамасы турнирді төртінші орынмен аяқтады. Команда құрамында елордалық спортшылар Каримова Дарина, Амангелдиева Адия, Нұрлан Алима өнер көрсетті.
Қазақстан құрамасын және елордалық спортшыларды Азия чемпионатындағы жарқын жетістіктерімен құттықтаймыз!






