Жаңалықтар
Астана құрамасы – Қазақстан чемпионы

Астана күні мерекесі қарсаңында, 3–6 шілде күндері елордада асық ату спортынан Қазақстан Республикасының чемпионатының қорытынды XI туры өтті.
Ел чемпионатында бес асықтан Астана қаласының намысын Елемес Перизат, Серикова Айжан және Даниярова Камила абыроймен қорғап, жалпыкомандалық есепте Қазақстан чемпионы атанды.
🏆 Жалпыкомандалық қорытынды:
🥇 1 орын – Астана қаласы
🥈 2 орын – Солтүстік Қазақстан облысы
🥉 3 орын – Түркістан облысы
Ал ерлер арасында Астана құрамасы тартысты додада өнер көрсетіп, 4-орынға тұрақтады.
Елорда спортшыларын жарқын жеңістерімен құттықтаймыз!




