Елордалық джиу-джитсу шеберлері Орталық Азия чемпионатында топ жарды

2026 жылдың 1–3 мамыр күндері Қырғызстанның Бішкек қаласында джиу-джитсудан Орталық Азия чемпионаты өтті.
Аталған додада Астана қаласының құрама командасы сәтті өнер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.
🥇 Алтын жүлдегерлер:
* Ерлан Ерназар (U14, 44 кг дейін)
* Ыдырыс Амина (U14, 57 кг дейін)
* Умирбеков Руслан (U16, 40 кг дейін)
* Батталов Шамсуддин (U16, 52 кг дейін)
* Садьбий Дархан (U16, 69 кг дейін)
* Капан Камила (U18, 52 кг дейін)
* Рузахунов Кемаль (U18, 69 кг дейін)
* Алиакпаров Абдурахман (U18, 77 кг дейін)
* Қанат Айзере (U21, 63 кг дейін)
* Самат Эмирхан (U21, 56 кг дейін)
🥈 Күміс жүлдегерлер:
* Жумадельдинова Алима (U18, 57 кг дейін)
* Асилбеков Бекасыл (U21, +94 кг)
* Самат Айгуль (Adults, 52 кг дейін)
🥉 Қола жүлдегерлер:
* Бейсен Султан (U14, 32 кг дейін)
* Нургалиев Нурсултан (U21, 94 кг дейін)
Жалпы есепте команда қоржынында он алтын, үш күміс және екі қола медаль бар. Спортшыларымызды жоғары нәтижелерімен құттықтаймыз!




