Жаңалықтар

Елордалық теннисшілер Қырғызстандағы халықаралық турнирде чемпион атанды

2026 жылдың 18–23 мамыр күндері Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында жастар арасында ITF J30 Cholpon-Ata халықаралық теннис турнирі өтті.

Халықаралық додада Астана қаласының спортшылары сәтті өнер көрсетіп, екі алтын медаль жеңіп алды.

🥇 Асан Сарманов — жұптық разрядта 1 орын
🥇 Даниэль Юрекли — жекелей разрядта 1 орын

Ақтық сында Асан Сарманов Өзбекстан өкілі Никита Гафуровпен жұптасып, жұптық сында чемпион атанды. Ал Даниэль Юрекли жекелей сындағы финалда ресейлік Максим Бочаровқа қарсы ойнады. Алғашқы партияда есе жібергенімен, астаналық теннисші матч барысын өз пайдасына өзгертіп, тартысты кездесуде 5:7, 6:4, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Астана спортшыларын және жаттықтырушылар құрамын жарқын жеңістерімен құттықтаймыз!

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button