Жаңалықтар

Астана қаласының спортты дамыту дирекциясында ресми жиын өтті

Бүгін, 22 мамыр күні, Астана қаласының спортты дамыту дирекциясының ұжымында Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгерістер бойынша түсіндіру мақсатында ресми жиын өтті.

Іс-шара барысында дирекция заңгері Айдаров Ерулан Абдиханович конституциялық реформалардың негізгі бағыттары мен мазмұнына кеңінен тоқталып, енгізілген өзгерістердің маңызын түсіндірді. Сонымен қатар, ол Конституцияға енгізілген жаңашылдықтардың дене шынықтыру және спорт саласының дамуына ықпалы жөнінде атап өтті.

Кездесу барысында қызметкерлер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button