Жаңалықтар
Астана кикбоксшылары Әлем кубогында жоғары нәтиже көрсетті

2026 жылдың 7–12 сәуірі аралығында Тайландтың Бангкок қаласында кикбоксингтен ересектер арасындағы Әлем кубогы өтті.
Дүбірлі додаға 32 мемлекеттен 689 спортшы қатысып, өзара мықтыларды анықтады.
Аталған жарыста Астана қаласының спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, бірнеше жүлделі орындарға ие болды:
🥇 Сойыркас Арсен (K-1)
🥇 Сычев Александр (K-1)
🥇 Зекенов Мейіржан (K-1)
🥇 Абутали Али (K-1)
🥈 Гарафутдинов Адиль (K-1)
🥈 Аскеров Нурлан (лоу-кик)
🥈 Қуандықов Батырхан (фул-контакт)
Елорда спортшылары халықаралық аренада ел намысын абыроймен қорғап, жоғары шеберліктерін дәлелдеді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!





