Жаңалықтар
Астаналық боксшы «Ұлы жібек жолы» турнирінде топ жарды

2026 жылдың 2–7 сәуірі аралығында Әзербайжан астанасы Баку қаласында дәстүрлі «Ұлы жібек жолы» халықаралық турнирі өтті. Аталған жарысқа әлемнің 10 елінен 130-ға жуық былғары қолғап шебері қатысып, өзара мықтыларды анықтады.
Бәсеке қорытындысы бойынша ерлер арасында 80 келі салмақ дәрежесінде елорда спортшысы Бақберген Әлиасқаров қарсыластарынан басым түсіп, алтын медаль иеленді.
Спортшымызды жеңісімен құттықтаймыз!



