Жаңалықтар

ҚР жаңа Конституциясы жобасы: құқық, міндеттер және спорт инфрақұрылымын дамыту

Бүгін Астана қаласының спортты дамыту дирекциясында конституциялық реформаларды түсіндіруге арналған кездесу өтті. «ҚР жаңа Конституциясы жобасы: құқық, міндеттер және спорт инфрақұрылымын дамыту» тақырыбындағы ашық пікірталас алаңына «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының Астана қалалық штабының мүшелері қатысып, заң жобасында көзделген білім, спорт және салаларындағы жаңашыл бастамалар жөнінде баяндама жасады.

Дирекцияның 51 ұжым мүшелері, жаттықтырушылары, спортшыларының қатысуымен өткен кездесуге Астана қалалық мәслихатының депутаты Давид Лория, Республикалық жас кәсіпкерлер лигасының төрағасы, Жалпыұлттық коалицияның Есіл ауданы бойынша филиалының мүшесі Мерхат Жылқыбаев қатысты. Жиын барысында қатысушылар өзекті сұрақтарын қойып, конституциялық өзгерістердің салалық даму үдерістеріне ықпалы жан-жақты талқыланды.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button