Жаңалықтар
Олимпиададағы жарқын сәттер: рекорд және шешуші старт

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында қысқа бағдарламада сәтті өнер көрсетіп, еркін бағдарламаға жолдама алды.
Отандасымыз төрешілер шешімімен 68.47 ұпай жинап, жеке рекордын жаңартты.
Ал бүгін, 18 ақпаннан 19 ақпанға қараған түні сағат 00:15-те жерлесіміз Абзал Әжіғалиев пен отандасымыз Денис Никиша жарыс жолына шығады. Қазақстан спортшыларын бірге қолдайық!






