Жаңалықтар

«Әділетті және прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының қалалық штабы жұмысын бастады

Бүгін «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының Астана қалалық штабы өз жұмысын бастады. Кездесуге Астана қаласының спортты дамыту дирекциясы спортшылары да қатысты.

Отырыс барысында қалалық және медиа-штаб құрамдары таныстырылып, қызметтің басым бағыттары мен үйлестіру тетіктері айқындалды. Қалалық коалиция құрамына түрлі сала өкілдерінен құралған 200-ге жуық азамат енді. Оның қатарында ардагерлер, заңгерлер, депутаттар, ғылым мен мәдениет қайраткерлері, спортшылар және белсенді жастар бар.

Бекітілген жоспарға сәйкес 700 мыңға жуық адамды қамтитын 1000-ға жуық іс-шара өткізу көзделген. Оның ішінде қалалық деңгейде 660 мың тұрғынды қамтитын 700 іс-шара, аудандық деңгейде 35 мыңға жуық адамды қамтитын 400 іс-шара ұйымдастыру жоспарда.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button