Жаңалықтар

Елордалық үстел теннисінің үздігі Кирилл Герасименко – Ислам ынтымақтастығы ойындарының екі дүркін чемпионы

Эр-Риядта өтіп жатқан VI Ислам ынтымақтастығы ойындарында Қазақстан құрамасы тағы бір алтын медаль иеленді.
Қазақстандық үстел теннисшісі Кирилл Герасименко жеке сында топ жарды.

Финалда ұлттық құрама көшбасшысы Мысыр спортшысы Омар Мұхаммед Ассарды 4:1 есебімен ұтып, 2024 жылғы Олимпиададағы жеңілісі үшін қарымта алды.
Парижде өткен Олимпиада ойындарының 1/8 финалында Герасименко алғашқы екі партияны жеңгенімен, жалпы есепте 2:4 есебімен қарсыласына есе жіберген еді.

Бұл жеңіс Кириллді Ислам ойындарының екі дүркін чемпионы атандырды. Бұған дейін ол командалық сайыста Алан Құрманғалиев және Айдос Кенжігүловпен бірге алтын медаль жеңіп алған.
Осылайша Қазақстанның үстел теннисі құрамасы VI Ислам ынтымақтастық ойындарындағы жарыс жолын екі алтын медальмен аяқтады.

📸 Тұрар Қазанғапов, Нұрғали Жұмағазы

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button