Жаңалықтар

Темірлан Мұқатаев бокстан Қазақстан чемпионы атанды

2026 жылдың 30 қазан- 6 қараша күндері Тараз қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Тараз Арена» спорт кешенінде ерлер мен әйелдер арасында бокстан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Ел біріншілігіне еліміздің өңірлерінен 20 команда құрамында 369 спортшы қатысып, 20 салмақ дәрежесі бойынша өзара мықтыны анықтады.

Тартысты өткен жарыста елордалық боксшылар жоғары нәтиже көрсетіп, 1 алтын және 3 қола медаль жеңіп алды.

🏆 Қазақстан чемпионы:

🥇 Темірлан Мұқатаев — 85 кг (ерлер).

Финалдық жекпе-жекте елордалық боксшы Алматы қаласының өкілі Сұлтанбек Айбарұлын жеңіп, Қазақстан чемпионы атанды.

🥉 Қола жүлдегерлер:

🥉 Римма Волосенко — 60 кг (әйелдер);

🥉 Тимур Нұрсейітов — 85 кг (ерлер);

🥉 Ілияс Жандау — 90 кг (ерлер).

Спортшыларымызды және олардың жаттықтырушыларын жетістіктерімен құттықтаймыз!

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button