Жаңалықтар

Қазақстан пара дзюдошылары Азия чемпионатын 9 алтынмен аяқтады

7-9 қарашада пара дзюдодан Астана қаласында өткен Азия чемпионаты мәресіне жетті.

Жарысқа 9 мемлекеттен жиналған 80 спортшы (51 ер, 29 әйел) қатысты.

22 спортшымен сынға түскен Қазақстан құрамасы тамаша нәтиже көрсетті:

Жеке бәсекеде: 🥇7 алтын, 🥈3 күміс, 🥉4 қола

Командалық сайыста: 🥇2 алтын

Бүгінгі өткен командалық ақтық сайыста еліміздің ерлер құрамасы Өзбекстан құрамасын 4:0 есебімен жеңсе, аруларымыз аталмыш мемлекеттің қыздар құрамасынан 4:3 есебімен басым түсіп алтын жүлдені еншіледі.

Айтулы додада ел намысын қорғаған астаналық пара дзюдошылар – Ерғали Шамей 🥇, Асылан Нұрдаулетов 🥇, Бауыржан Арыстанбеков 🥉.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button