Жаңалықтар
Елорда жеңіл атлетшілері кросстан Қазақстан чемпионатында үздік нәтиже көрсетті

2025 жылдың 7–8 қазан күндері Талдықорған қаласында жеңіл атлетикалық кросс бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Жарысқа еліміздің 10 аймағынан 149 спортшы қатысып, бақ сынады.
Астана қаласының спортшылары табысты өнер көрсетіп, жалпы есепте 5 жүлде иеленді:
🥇 2 алтын:
• Мельникова Виктория – 2 км
• Сырымов Арман – 4 км
🥈 2 күміс:
• Мұрат Нұрболсын – 4 км
• Эстафета 4х1 км (микс): Копылова Татьяна, Құмарбекқызы Айтұнық, Сырымов Арман, Мұрат Нұрболсын
🥉 1 қола:
• Эстафета 4х2 км (микс): Балтабек Алимжан, Ахметкалиев Даниял, Сенькина Виктория, Аржаникова Айгүл
Бас қала жеңіл атлеттері жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, командалық және жеке сында үздік нәтиже көрсетті.