Жаңалықтар
Астаналық балуандар Жастар ойындарында топ жарды

Қарағанды қаласында 2025 жылдың 29–30 қыркүйек күндері еркін күрестен Жастар ойындары өтті. Додаға 20 командадан жалпы саны 174 спортшы қатысып, өзара бақ сынасты.
Астаналық балуандар бәйгеде топ жарып,жүлделі бірінші орындарды жеңіп алды . 92 келі салмақта Абитаев Нартай, сондай-ақ 97 келі салмақта Тоқтар Нұрсейіт бас қала қоржынына алтын медальдар салды.
Бұл жеңіс – елорда спортшыларының табандылығы мен еңбегінің жемісі. Жас балуандарымызға алдағы додаларда да сәттілік тілейміз!