Жаңалықтар

Шахматтан кадеттер арасындағы әлем чемпионатында елордалық екі спортшы алтын медаль иеленді

Алматы қаласында 2025 жылдың 18 қыркүйегі мен 1 қазаны аралығында өткен шахматтан кадеттер арасындағы әлем чемпионаты Қазақстан үшін тарихи жетістікке толы болды. Әлемнің 87 елінен жиналған 842 спортшының арасынан жас қазақстандықтар дараланып, ел абыройын асқақтатты.

Бұл сында Астананың жас шахматшылары – Әлиша Бисалиева мен Әдинұр Әділбек айрықша өнер көрсетіп, алтын медаль еншіледі.

Әлиша Бисалиева қыздар арасында 8 жасқа дейінгі санатта 11 тур қорытындысы бойынша 9½ ұпай жинап, шешуші ойында тең нәтиже көрсетіп, әлем чемпионы атанды.

Әдинұр Әділбек те 8 жасқа дейінгі ұлдар санатында сенімді ойынымен ерекшеленді. Жеке көшбасшылар қатарындағы қарсыласымен тең түсіп, ол да 9½ ұпай еншілеп, бірінші орынды иеленді.

Елордалық қос спортшының жеңісі – Қазақстан шахматының жаңа белеске көтеріліп келе жатқанын дәлелдейтін үлкен жетістік. Сонымен қатар, жас дарындардың табысы командалық есепте де еліміздің жоғары нәтиже көрсетуіне ықпал етті.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button