Жаңалықтар
Дзюдодан жастар чемпионаты өз мәресіне жетті

2025 жылдың 19-20 қыркүйегінде Алматы облысы Кемертоған ауылында 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Еліміздің 3 қаласы мен 19 өңірінен 400-ге жуық спортшы бақ сынаған жарыста жерлестеріміз жүлделі орындарға қол жеткізді.
• 🥇 Дүйсенхан Ерсұлтан (–73 кг)
• 🥇 Қайратова Ханзада (–63 кг)
• 🥉 Тұрсынақынова Толқын (+78 кг)
Бұл жеңіс – спортшылардың табандылығының, сондай-ақ жеке жаттықтырушылары Қанат Мамбетов пен Астана қаласы жастар арасындағы дзюдодан аға жаттықтырушы Н.Ерімбетовтердің жүйелі еңбегінің нәтижесі. Чемпионат еліміздегі дзюдо спортының қарқынды дамып келе жатқанын тағы да дәлелдеді.









