Жаңалықтар
Жастар кубогы: қазақстандық спорттық құзға өрмелеуден спортшылардың жетістігі

Үстіміздегі жылдың 19-21 қыркүйек аралығында Алматы қаласында спорттық құзға өрмелеудің боулдеринг бағыты бойынша Қазақстан Республикасының Жастар кубогы өтті. Жарысқа еліміздің 6 өңірінен 45 жас спортшы қатысып, өз бақтарын сынады.
Нәтижесінде астаналық спортшылар жүлделі орындарды иеленді.
2009–2010 ж.т. (қыздар): Войтович Яна – 1-орын
2007–2008 ж.т. (ерлер): Садре Дияр – 1-орын, Ким Евгений – 3-орын
2007–2008 ж.т. (әйелдер): Дик Яна – 3-орын
Осылайша, қала қоржынына екі алтын және екі қола медаль түсті.







