Жаңалықтар
Астаналық шахматшылар Abu-Dhabi Chess Festival турнирінде

15–25 тамыз аралығында біздің спортшылар халықаралық Abu-Dhabi Chess Festival турнирінде ел намысын қорғады. Әлемнің үздік шахматшылары жиналған жарыста астаналық жас спортшылар жоғары деңгейде өнер көрсетті.
Жауынбай Әлімжан мен Примбетов Нұрасыл блиц турнирінде тамаша ойын көрсетіп, күміс жүлдеге қол жеткізді.