Жаңалықтар
22–23 тамыз аралығы Хорватия Республикасының Задар қаласында джиу-джитсудан Әлем кубогі өтті.

Аталған халықаралық жарысқа Астана қаласының құрама командасы қатысып, еліміздің намысын абыроймен қорғады. Команда құрамында спортшылар Казтаев Бекзат, Самат Айгүл, Цой Анеля қатысты.
Жаттықтырушы: Мурат Дамир
– Казтаев Бекзат – ересектер арасында, 56 кг, не-ваза бөлімі бойынша – 1 орын
– Самат Айгүл – әйелдер арасында, 52 кг, не-ваза бөлімі – 3 орын
– Цой Анеля – U18 жасөспірімдер арасында, 48 кг, не-ваза бөлімі – 1 орын