Жаңалықтар
Азия чемпионатында Астана құрамасы алтын және қола медаль жеңіп алды

Бангкокта (Таиланд) өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында Астана құрамасы алтын және қола медаль жеңіп алды.
Байрақты бәсекенің әйелдер арасындағы қола медалін Ақбота Есімбекова (65 кг), ерлер арасында Темірлан Мұқатаев (90 кг) қоржынға алтыннан жүлде салды.
Айта кетейік, бокстан Қазақстан ерлер және әйелдер құрамасының жалпы жүлде саны 7 алтын, 9 күміс, 6 қола медаль.
Банког (Тайланд) қаласы
31.07-13.08.2025 ж.