Жаңалықтар
Шорт-тректен Қазақстан құрамасы топ жарды

Харбинде өтіп жатқан Азия ойындарында шорт-тректен 5000 метрлік эстафетадасында Қазақстан ерлер құрамасы ел тарихындағы алғашқы алтын медальды жеңіп алды.
Команда сапында Астаналық спортшылар Әділ Ғалиахметов, Айбек Нәсен және Абзал Әжіғалиев үздік өнер көрсетті.
Сондай-ақ, 3000 м әйелдер эстафетасында Қазақстан құрамасы екінші орынды иеленді. Құрамада елордалық шорт-трек шеберлері Малика Ермек пен Мадина Жанбусинова күміс медальға ие болды.
Айта кетейік, бұған дейін IX қысқы Азия ойындарында 2000 м аралас эстафетасында Қазақстан құрамасы екінші орынға ие болған болатын. Құрама қатарында елорда спортшылары Әділ
Ғалиахметов, Ермек Малика, Абзал Ажғалиевтер бар.
Қазақстан құрамасын шын жүректен құттықтаймыз! Жеңістеріміз көп болсын!
View this post on Instagram