Жаңалықтар

Қазақстандағы АЭС туралы референдум

Атом электр станциясын салу-салмау туралы референдум өтетінін естіген шығарсыздар. Өз ойым: бізге АЭС керек. Себебі дәл қазіргі қажеттіліктерімізді жапқаннан бөлек, бұл болашаққа жасалатын инвестиция. Бәлкім, қаржылық шығыны көп те шығар, бірақ қайтарымы да ұзақ жылдарға есептелген дүние. Бір рет салынған АЭС ондаған жылдар бойы тұрақты әрі арзан энергиямен қамтамасыз етіп, ел экономикасына оң ықпалын тигізеді. Дамыған елдердің де атом энергетикасына бет бұрып отырғаны бекер емес, себебі ұзақ мерзімді экономикалық пайдасын ескеріп отыр. Одан бөлек, АЭС өндірістің басқа түрлеріне қарағанда әлдеқайда тиімді. Қазақстанның болашағы үшін бұл экономикалық тұрғыдан дұрыс шешім деп ойлаймын.

Оның үстіне, АЭС құрылысы экономиканы әртараптандырып, тұрақтылығын қамтамасыз етуге септеседі.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button