Жаңалықтар

Астана қаласының спортты дамыту дирекциясында терроризм мен экстремизмнің алдын алу тақырыбында дәріс өтті

Бүгін Астана қаласының спортты дамыту дирекциясының ұжымымен кездесу ұйымдастырылып, Астана қаласы әкімдігінің Дін істері басқармасына қарасты «Qamqor Astana» қоғамдық қорының маманы Айдарқұл Марлен, ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, теолог Дәрібай Мұратбек және ALQA Media қоғамдық қорының маманы Теміралиев Асылжан «Терроризм мен экстремизмнің алдын алу» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру дәрісін өткізді.

Іс-шараның мақсаты – спорт саласы қызметкерлеріне терроризм мен экстремизм идеологиясының белгілері мен қауіп-қатерлері туралы жан-жақты ақпарат беріп, олардың алдын алу жолдарын түсіндіру.

Дәріс барысында мамандар интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік мәселелеріне тоқталып, күмәнді және радикалды мазмұндағы сайттар мен ақпарат көздерінен сақ болу қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, діни және қоғамдық мәселелер бойынша тек ресми әрі сенімді дереккөздерге жүгінудің маңыздылығы түсіндірілді.

Кездесу соңында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандар тарапынан тиісті жауаптар алды.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button