Жаңалықтар
АСТАНАЛЫҚ СПОРТШЫ БОКСТАН ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ӘЛЕМ КУБОГЫНДА ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНАН КӨРІНДІ
3-11 наурыз аралығында, Черногория мемлекетінің Будва қаласында бокстан жастар арасындағы Әлем кубогы өтті.
Жарысқа дүниежүзінің түкпір-түкпірінен жиналған 35 мемлекеттен 250-ге жуық спортшы қатысып, бақ сынады. Олардың қатарында Елордалық спортшылар да бар.
Астаналық былғары қолғап шебері Ахметов Альмухаммед финалға дейінгі белдесулерде жеңіске жетіп, финалда Ресейлік боксшы Гуков Алексейге есе жіберді. Осылайша спортшымыз Әлем кубогының «күміс»🥈жүлде иегері атанды.
Құттықтаймыз!