Жаңалықтар

🇰🇿🤼‍♂ Елорда әкімдігінің қолдауымен наурыз айының 11-13 күндері Астана төрінде КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, Олимпиада чемпионы, Әлем чемпионы, Қазақстанның Еңбек Ері Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған грек-рим күресінен 20 жасқа дейінгі балуандар арасында халықаралық турнир өтеді.

Байрақты бәсекеде әлемнің ең үздік бозкілем шеберлері 10 салмақ (55 кг, 60 кг, 63 кг, 67 кг, 72 кг, 77 кг, 82 кг, 87 кг, 97 кг және 130 кг) дәрежесінде сынға түспек.

Астана қаласында төртінші рет өткелі жатқан халықаралық турнир ҚР Туризм және Cпорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының және қалалық спорт басқармасының ұйымдастыруымен өткізіледі.

Турнир 11-14 наурыз аралығында Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында (Қабанбай батыр даңғылы, 43) өтеді.

Дүбірлі додада ел намысын қорғайтын балуандарымызға жанкүйер болуға баршаңызды шақырамыз!

Көрермендер үшін кіру тегін!

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button