Жаңалықтар

Астаналық спорттық құзға өрмелеу шеберлерінің жарыс алдындағы оқу-жаттығу жиыныны Алматы қаласында өтті

«Спортты олимпиадалық түрлері бойынша дамыту дирекциясы» басшысы Олжас Азатұлы, іссапармен Алматы қаласына барды.
Мақсат – оңтүстік астанамыз Алматы қаласындағы спорттық мекемелер басшыларымен кездесіп кезекті жарыс, оқу-жаттығу жиындарының өтуін бақылау.
Сондай-ақ, Астаналық спорттық құзға өрмелеу шеберлерінің жарыс алдындағы оқу-жаттығу жиынына қатысты.

Айта кетейік, Алматы қаласында спорттық құзға өрмелеуден 25-31 мамыр аралығы оқу-жаттығу жиыны өтті. Жиында Астана қаласынан 9 спортшы Қазақстан Республикасының кубогы үшін бақталасатын болады.

» Біз, Қазақстан Республикасы кубогы алдындағы дайындық жиынымызды аяқтап, бүгін жарыстың бірінші күнін өткізудеміз. Спортшылар түрлі дисциплина бойынша сынға түседі. Жарысқа Алматы, Астана, Шымкент, Қарағанды облысы мен Алматы облыс командалары қатысып жатыр «, – Астана қаласы бойынша спорттық құзға өрмелеуден аға-жаттықтырушысы Клара Миниханқызы.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button