Жаңалықтар

Бокстан әйелдер ұлттық құрама командасы 2023 жылды қызу қарқынмен бастады

Қазақстан Республикасының бокстан әйелдер ұлттық құрама командасы 2023 жыл бастамасын қызу қарқынмен бастады. Қазір олар Шымкент қаласы Алма-тау базасында
оқу-жаттығу жиынында жаттығып, кезекті турнирлерге дайындық үстінде. Қаңтардың 5 күні бастау алған оқу-жаттығу жиыны 25 қаңтар аяқталады. Содан соң, 31 қаңтар мен 14 ақпан айларында былғары қолғап шеберлерін
Мароккодағы халықаралық турнирі және Будапешт (Венгрия) қаласындағы (6-12.02.2023ж.) тартысты турнирлер күтіп тұр. Жеңісті жақындатуды көздейтін ұлттық құрама командасы сақадай сай деп жеткізді, Астана қаласы бойынша бокстан аға-жаттықтырушысы – Манашев Марат Мергенұлы.
» Турнирлерден кейін біз әлем чемпионаты алдындағы оқу-жаттығу жиынын өткіземіз. Ол 26.02-1.03 аралығы Алматы қаласында жоспарланған. Одан кейін, біз, 14 күндік оқу-жаттығу жиыны бойынша Үндістанда жаттығатын боламыз. Үндістандағы тәжірибе алмасу мақсатында жүргізілетін жиыннан соң, бірден негізгі жарысымыз Әлем чемпионаты басталады. 14-24 наурыз аралығы Үндістанның Дели қаласында әлем чемпионаты өтеді».

Марокко халықаралық турниріне Абикеева Аида (63 кг), Хальзова Валентина (75кг), Кунгейбаева Ляззат (+81кг) қатысады.
Ал Венгрия елінің төрінде ел намысын Сұлтанқызы Сәния (57кг) мен Волосенко Римма (60 кг) қорғайтын болады.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от СПОРТ•ОЛИМПИАДА•АСТАНА (@drs_olympic_astana)

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button