Жаңалықтар

Құрметті елорда тұрғындары мен қала қонақтары

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі 30 тамыз күні ҚР Конституциясы мерекесіне орай өтетін «Бұқаралық велошеруге» шақырады!

Вело спортшылар 20 шақырым қашықтықты Қосшы айналма веложолдан бастап, Үркер елді мекенінің «Жасыл белдеу» саябағында мәреге жетеді.

Қатысуға ниет білдірушілерді тіркеу сағат 09:00-ден 09:30-ға дейін жалғасады. Ал, басталуы сағат – 10:00-де.

Велошеру аяқталғаннан кейін мәреде тіркелген қатысушылар арасында лотерея және бағалы сыйлықтар ойнатылады. Әрбір қатысушы өз велосипедімен шеруге жіберіледі.

Сонымен қатар, қала тұрғындары гір тасын көтеру, қол күрес, арқан тарту, асық ату сынды ұлттық спорт түрлерінен додаға қатысып, бақтарын сынай алады.

Іс-шара спорттық жарыс емес, оның басты мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау және қала тұрғындарын дене шынықтырумен, яғни велоспортпен белсенді шұғылдануға шақыру.

Барлық қала тұрғындары мен қонақтарын бізбен бірге бұқаралық велошеруге белсенді қатысуға шақырамыз!

Іс-шара Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен өтеді.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button