Нұр-Сұлтанда Отан қорғаушылар күніне арналған жеңіл атлетикадан эстафета өтті
Нұр-Сұлтанда Отан қорғаушылар күніне арналған жеңіл атлетикадан эстафета өтті
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы Demalys Promenade алаңында Отан қорғаушылар күніне арналған жеңіл атлетикадан эстафета өтті. Оған 600 -ге жуық жалпы білім беретін мектеп оқушылары мен орта және жоғарғы студенттер қатысты.
Нұр-Сұлтан қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаевтың сөзінше, дәстүрлі түрде өтетін бұл жарыстың қатысышулары жыл санап көбейіп жатыр.
«Алдымен өздеріңізді келіп жеткен 7 мамыр Отан қорғаушылар күнімен және алдағы 9 мамыр ҰОС Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын! Барлығымыздың мерейімізді үстем ететін, еліміздің айбынын асқақтатар ер-азаматтарымыздың мерекесі. Отан қорғаушылар күніне және «ҰОС Жеңіс күніне» арналған жеңіл атлетикалық эстафета жарысына 600 -ге жуық жалпы білім беретін мектеп оқушылары мен орта және жоғарғы студенттер қатысып жатыр. Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан жарыстың жылдан-жылға мәртебесі артып, қатысушылар санының көбеюі өте жақсы жетістік», – деді С. Жылқыбаев.
Эстафета қатысушылары 14 кезеңнен тұратын жалпы қашықтығы 5 335 м бағындырады. Айта кету керек, жарыс елордадағы Жеңіс даңғылы мен Бигелдинов көшесінің қиылысынан сөрені (старт) бастап (мин.фин) – Әлия Молдағұлова көшесімен – Бейбітшілік көшесінен – Отырар көшесіне дейін жүгіріп өтті.
Айта кетейік, аталған жарыстың мақсаты – ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауын жүзеге асыру, сонымен қатар, Жалпы білім беретін мектеп оқушылары, ОАОО және ЖОО студенттері арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спорт іс-шараларын дамыту болып табылады.
Жарыста жүлделі орындарға ие болған жеңімпаздар медальдармен, командалық кубоктармен және дипломдармен марапатталды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram