Алыш белбеу күресінен елордалықтар Қазақстан чемпионатында жүлделі орындарға ие болды

2026 жылдың 1–4 қазан күндері Тараз қаласында ересектер арасында алыш белбеу күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Еркін және классика стильдері бойынша өткен додаға еліміздің 15 командасынан 360 спортшы қатысып, бақ сынады.
Жарыс қорытындысы бойынша елордалық спортшылар 1 алтын, 2 күміс және 6 қола медаль жеңіп алды.
Атап айтқанда:
🥇 Султан Ақжан — 62 кг, еркін стиль;
🥈 Жомартова Мадина — 55 кг, еркін стиль;
🥈 Тұрдығали Алмаз — 74 кг, еркін стиль;
🥉 Талғат Марғұлан — 68 кг, еркін стиль;
🥉 Талғат Марғұлан — 68 кг, классика стилі;
🥉 Жомартова Марзия — 60 кг, еркін стиль;
🥉 Айтхожа Жансая — 66 кг, еркін стиль;
🥉 Абдурасимов Нурсултан — 62 кг, классика стилі;
🥉 Байшуаков Данияр — 110 кг, классика стилі.
Елордалық спортшылар мен бапкерлер құрамын Қазақстан чемпионатындағы жүлделі нәтижелерімен құттықтаймыз!




