Жаңалықтар
Астаналық тоғызқұмалақ спортшылары ҚР командалық чемпионатында топ жарды

2026 жылдың 10–18 қыркүйек күндері Ақтау қаласында тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының командалық чемпионаты өтті.
Зияткерлік додаға еліміздің 11 облысы және Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 150-ге жуық спортшы қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша Астана қаласының ерлер командасы блиц түріндегі жарыста чемпион атанды. Елорда спортшылары тартысты бәсекеде жоғары шеберлік танытып, командалық есепте көш бастады.
Астана командасының құрамында Зкрияев Биғали, Махмутжан Әзімхан, Нуржан Бибатыр, Боранбай Ернұрсұлтан, Мұхаметжан Ілияс және Исатай Ақиқат өнер көрсетті.
Бапкері — Нуржан Конарбаев.
Астана командасын жеңісімен құттықтаймыз!





