Жаңалықтар
Едіге Емберді Қазақстан чемпионы атанып, ел рекордын жаңартты

Талдықорған қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионатының бесінші жарыс күнінде 88 келі салмақ дәрежесінде жүлделер сарапқа салынды.
Аталған салмақта Астана қаласының спортшысы Едіге Емберді тамаша нәтиже көрсетіп, Қазақстан чемпионы атанды. Зілтемірші қос сайыстың қорытындысы бойынша 360 келіні (158+202) еңсеріп, алтын жүлдеге қол жеткізді.
Айта кетейік, бұл — спортшының 2026 жылғы алғашқы жарысы. Едіге жұлқа көтеруде 158 келіні бағындырып, жеке рекордын жаңартса, серпе көтеруде 202 келіні еңсеріп, жеке көрсеткішін жақсартумен қатар Қазақстан рекордын жаңартты.
Сондай-ақ, елордалық спортшы бұған дейін 79 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп келген. Қазіргі таңда алдағы Азия ойындарына дайындық аясында 88 келіге ауысты.




