Жаңалықтар

Астаналық тоғызқұмалақшылар Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері атанды

2026 жылдың 27 қазан – 3 қараша күндері Тараз қаласында тоғызқұмалақтан жастар мен жасөспірімдер арасында командалық Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Ел біріншілігіне Қазақстанның 16 облысы мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 19 команда, 300-ден астам спортшы қатысты.

Тартысты өткен жарыста Астана қаласының жасөспірім ұлдар құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, командалық есепте 3-орынға ие болып, қола жүлдегер атанды.

Елорда құрамасы сапында Ернатұлы Қасым, Мейрамхан Ислам, Бұхар Бексұлтан, Қуаныш Аян және Исатай Ақиқат өнер көрсетті.

Спортшыларымыз бен олардың жаттықтырушыларын жүлделі орындарымен құттықтаймыз!

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button