Жаңалықтар

Астаналық садақшылар әлем чемпионатында 6 медаль жеңіп алды

2026 жылдың 29 қазан – 4 қараша күндері Оңтүстік Кореяның Ульсан қаласында дәстүрлі садақ атудан әлем чемпионаты өтті.

Халықаралық додаға әлемнің 38 елінен 690-ға жуық спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады.

Дүбірлі жарыста Астана қаласының спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, командалық және жекелей сайыстарда 3 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды.

🏆 Командалық сайыс нәтижелері:

🥇 Қанат Қасымхан — 30 метр, жамбы нысанасы, 1-орын;

🥇 Қанат Қасымхан — 70 метр, пута нысанасы, 1-орын;

🥈 Қанат Абылайхан — 70 метр, пута нысанасы, 2-орын;

🥉 Қанат Абылайхан — 30 метр, жамбы нысанасы, 3-орын.

🏆 Жекелей сайыс нәтижелері:

🥇 Батихан Айкөркем — 30 метр, жамбы нысанасы, 1-орын;

🥈 Батихан Айкөркем — 70 метр, пута нысанасы, 2-орын.

Осылайша елордалық мергендер әлемдік додада жоғары шеберлік танытып, Қазақстан құрамасының жүлде қоржынына елеулі үлес қосты.

Спортшыларымызды айтулы жетістіктерімен құттықтаймыз!

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button