Жаңалықтар
Астаналық дзюдошы Сара Габитова Азия чемпионы атанды

2026 жылдың 16-19 шілде күндері Иорданияның Амман қаласында дзюдодан жасөспірімдер (кадеттер) арасындағы Азия чемпионаты өтті.
Құрлық біріншілігінде елордалық спортшы Сара Габитова 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде барлық қарсыласынан басым түсіп, Азия чемпионы атанды.
Сара Габитованы және оның жаттықтырушыларын айтулы жеңісімен құттықтаймыз!




