ЖаңалықтарМекеменің мәдени өмірі

Әлем чемпиондары марапатталды (фото)

Алматыда бокстан әлем чемпионатынан жүлделі оралған жастар марапатталды. Қазақстан бокс Федерациясының басшылығы оларға жетістігі үшін алғыс білдіріп, естеліктер сыйлықтар мен ақшалай сертификаттар табыс етті. Польшаның Кельце қаласында өткен бәсекеде жерлестеріміз жиыны 10 медаль жеңіп алды. Елордалық Санжар Тәшкенбай мен қарағандылық Сабыржан Аққалықов ел мерейін асырды. Екеуі де турнирдің чемпионы. Өзге спортшылар да төрт күміс, төрт қола медаль еншіледі. «Былтыр бір де бір жарыс өтпеді. Спортшыларымыз көп уақыт үзілісте болды. Сол себепті кешегі жетістігімізге көңіліміз толады. Осындай өрендерді даярлаған жаттықтырушылар штабына алғыс айтқым келеді. Өз басым, бұл қыз-жігіттердің болашағы жарқын боларына, алда да ел мерейін асыра береріне сенемін» – деді, Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев.

 

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button