Жаңалықтар

Спортшыларымыздың кезекті жеңісі

Қоржынға күміс түсті. Шымкентте оқ атудан Азия чемпионаты жалғасып жатыр. Жарыстың кезекті күні қазақстандық қыздар жүлдеге ілікті. Командалық сында Ирина Локтионова, Ольга Аксенова және Диана Харченко үштігі екінші нәтиже көрсетті. Олар пневматикалық тапаншамен 10 метрден ату бәсекесіне қатысқан. Айта кетейік, ердер арасында дәл осы бәсекеден алтын жүлдеміз бар. Оны қазақстандық жігіттер жарыстың алғашқы күндері жеңіп алды. Бұған қоса, ұлттық құрама сапындағы Елдар Иманқұлов жекелей сында топ жарды. Сонымен қатар, әйелдер арасында  Ольга Аксенова және микс сынында Елизавета Безрукова мен Ислам Усейнов жұбы қола ұтып алды. Шымкенттегі дода 20-шы қыркүйекке дейін жалғасады.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button