Жаңалықтар
Паралимпиада чемпионы атанды
Қазақстандық спортшы Давид Дегтярев Токио паралимпиадасының жеңімпазы атанды. Пауэрлифтингтен 54 келі салмақта сынға түскен ол 174 келі көтерді. Бұл – Давидтің спорттық мансабындағы ең ірі жеңісі. 2018 жылы ол Пара Азиада ойындарында күміс медаль еншілеген еді. Кейін араға бір жыл салып елордада өткен әлем чемпионатында 5-орынға тұрақтаған. Ал биыл Тбилисиде өткен әлем кубогіне қатысып, алтын алды. Қазақстандық спортшылар жазғы паралимпиада ойындарында осымен екінші алтын медаль иеленіп отыр. Алғашқы алтынды Риода жүзуден Зүлфия Ғабидулина қанжығамызға байлап беріп еді.