Жаңалықтар
Паралимпиада рекордын жаңартты
Алғашқы жарыс күні рекорд жаңарды. Токио төрінде паралимпиада ойындары өтіп жатыр. Ең бірінші болып жүзу шеберлері жарысқа араласқан. Әсіресе, әйелдер арасында 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде жаңа көрсеткіш тіркелді. Ресейлік Валерия Шабалина аталған аралықты 1 минут 5,37 секундта бағындырып, паралимпиада рекордын жаңартты. Ал, ерлер арасындағы сынға қазақстандық Роман Агалаков қатысқан болатын. Ол жалпы есепте 11-ші сатыға жайғасты. Ал, финалға тек алдыңғы 8 спортшы өтеді. Енді Роман 29 тамыз күні 50 метрге еркін әдіспен жүзу бәсекесінде бағын сынайды.