Паралимпиада ойындары басталды
Ең алғаш болып жарыс алаңына жүзу шеберлері шықты. Бұл сынға еліміз атынан Роман Агалаков қатысқан. 100 метрге баттерфляй әдісімн жүзуде ол 11-ші көрсеткішке ие болды. Ал, финалға тек алдыңғы 8 спортшы өтеді. «Роман өзін өте жақсы сезінеді. Енді қателіктермен жұмыс істеп, алдағы жарысқа дайындалады» делінген ұлттық паралимпиадалық комитет таратқан хабарламада. Роман Агалаков 29 тамыз күні 50 метрге еркін жүзу бәсекесіне қатысады. Одан өзге тағы 6 қазақстандық жүзу шебері жарыс жолына шығады. Бұған қоса, ертең пауэрлифтингтен Давид Дегтярев мен Алина Солодухина ел намысын қорғайды. Токиодағы паралимпиада ойындары 5-ші қыркүйекке дейін жалғасада.
25 тамыз қорытындысы:
Пара жүзу
100 м баттерфляй. S13. Ерлер. Іріктеу сыны
Роман Агалаков – 11 орын (1:02.21)