Жаңалықтар
Қоржында тағы бір лицензия
Елордалық Татьяна Ахметова Аманжол Токио Олимпиадасына жолдама алды. Дәл қазір Алматыда күрес түрлерінен Азия іріктеу турнирі өтіп жатыр. Қазақстандық балуан 53 келіге дейінгілер арасында сынға түсті. Ол жартылай финалда Оңтүстік Корея спортшысы Ким Хен Чжуді ұтып, лицензияға ие болды. Өйткені, іріктеу турнирінде жолдама финалға шыққан спортшыларға беріледі. Ал, финалда жерлесіміз жарақатына байланысты күреспеді. Сондықтан жеңіс автоматты түрде оның қарсыласы моңғолиялық Болортуа Бат Очирге берілді. Айта кетерлігі, күрес түрлерінен Олимпиада жолдамасы спортшыға емес, командаға табысталады.