Жарыстың екінші күні
Ақтөбеде грек-рим күресінен жастар арасындағы ел чемпионаты жалғасып жатыр. Жарыстың кезекті күні тағы 3салмақ бойынша чемпиондар анықталды. Атап айтқанда, 60 келіге дейінгілер арасында Шығыс Қазақстан облысынан келген Нұрсұлтан Базарбаев топ жарды. 67 келіге дейінгілер сынында жамбылдық Дін-Мұхамед Қошқар қарсылас шақ келтірмеді. Ал, 77 келіде жергілікті Дәулет Жалғасов жеңімпаз атанды. Басқа салмақтардағы классиктер бүгін бозкілемге шығады. Ақтөбедегі ел чемпионаты 3 күнге созылады. Нәтижесінде, ұлттық құрама жасақталып, алдағы халықаралық жарыстарға дайындықты бастайды. Айта кетейік, бұл спортшылар қалыптасқан жағдайға байланысты жылдан аса уақыт ешқандай бәсекеге қатыспады.
60 кг.
І. Нұрсұлтан Базарбаев (ШҚО)
ІІ. Нұрболат Темірбаев (Ақтөбе обл)
III. Айбек Сабырбеков (ШҚО)
III. Досжан Өтепқалиев (БҚО).
67 кг.
І. Дін-Мұхамед Қошқар (Жамбыл обл)
ІІ. Мадияр Мальтекбаев (ШҚО)
III. Станислав Ярош (СҚО)
III. Мұхамедәли Мамурбек (Шымкент қ).
77 кг.
І. Дәулет Жалғасов (Ақтөбе обл)
ІІ. Рахат Сағымбай (Маңғыстау обл)
III. Дәулет Ізтілеуов (Ақтөбе обл)
III. Расұл Жүніс (Алматы обл).