Жаңалықтар

Баршаңызға Қазақстан Республикасының Спорт күні құтты болсын!

18 тамыз – спортшылар үшін ерекше күн. Себебі, дәл сол күні, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Жарлығымен тамыздың әрбір үшінші жексенбісі «Спорт Күні»мерекесі атап өтіледі. Осыған орай, бүгін, 16 тамыз, Спорт күнін мерекелеу құрметіне «Толағай» ЖСШМ әкімшілігі мен жаттықтырушыларының құрама командалары арасында волейболдан жолдастық кездесу өтті.
«Толағай» жоғары спорт шеберлігі мектебінің басшысы Бағдат Болатұлы Данияров мерекелік жарысты ашып, жаттықтырушыларды көпжылдық және адал еңбегі үшін алғыс хаттармен марапаттады. Кәсіби спортшыларды даярлауда лайықты еңбек етіп жүрген жаттықтырушыларды шын жүректен құттықтаймыз. Баршаңызға Қазақстан Республикасының Спорт күні құтты болсын!

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button