Жаңалықтар

Жастар жылы – жастар жеңісі!

HHIK7961

 

Шайкенов Айтуар – олимпиадалық таеквондо жеңімпазы

2019 жылды «Жастар жылы» деп атауды жолдаған елбасымыздың сөзіне дәлел болар, спорт саласының қарқынды дамығандығын білдіретін жас спортшыларымыздың бүгінгі көрсеткіш деңгейі жоғары десек артық болмас. Күні кеше, ағымдағы жылдың 14-16 аралығында Түркия елі, Белек қаласында G-1 «Turkish Open» рейтингтік xалықаралық турнирінде 58 келі салмақ дәрежесінде бақ сынасқан еліміздің жас та болса, бірнеше елде көк Туымызды желбіретіп үлгерген, «Толағай» жоғары спорт шебері мектебі (ары қарай «ЖСШМ»)спортшысы Шайкенов Айтуар олимпиадалық таеквондо спорт түрінен 60 елдің қатарынан намысты қолдан бермей қола медальді жеңіп алды. Жарысқа түрлі елден жалпы саны 2068 спортшы, Қазақстаннан 23 спортшы, оның ішінде «ЖСШМ»-нен 3 спортшы қатысқан.
Астана қаласы, «Толағай» ЖСШМ таеквондо спорт түрінің жаттықтырушысы, Айтуардың бапкері – Жанбиров Нурболат Наурзгалиевич: «Айтуар, толықтай бес кезеңнен өтті. Қарсыластарымыз, рейтингтік олимпиадаларға дайындалып жүрген, әлемнің түкпір-түкпірінен келген спортшылар. Десе де, Айтуар, белгілі дәрежеде өз күшін көрсетті. Төртінші кезеңде Тунис спортшысымен жартылай финалда жақсы төбелесіп 29:13 ұпайымен жеңді. Одан кейін, бесінші айналымда кішкене физикалық күші жетпей Ирландиялық қарсыласынан жеңіліп қалды. Сонымен, жалпы рейтингтік ұпаймен 3 орынға иеленді. Айтуардың таеквондомен айналысып жүргеніне 9 жылдан асты. Ендігі жарыс жоспар бойынша осы жылдың 21-25 аралығында өтетін Египен елі, Хургада қаласында «Egyptian Open» турниріне қатысатын боламыз». #kazakhstan#жастаржылы #astana #бокс#xалықаралықтурнир #жсшм #толағай#қазақстаналға #turkishopen@shkola_tolagai @bolatmazhagulov@madeniet_sport.astana

Ұқсас мақалалар

Back to top button