Астана қаласының құрама командасы, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесіне арналған, VI Халықтық Спорт Ойындарында жалпыкомандалық бірінші орынға ие болды!!!
21-25 қыркүйек аралығы Ақтау қаласында, 13 спорт түрінен 2000-ға жуық спортшы қатысқан ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесіне арналған, VI Халықтық Спорт Ойындары өз мәресіне жетті. Астана қаласының қоржынын қазақ күресінен Сейтен Айбат 2 орын, тоғызқұмалақтан Базаралиева Гулнара 3 орын, қол күрестен 2 орын Кобесов Александр, спорттық бағдарлау спорт түрінен Молдашева Эльмира, Адамович Дмитрий, Лукашевич Виталий, Нурманова Гузель жалпыкомандалық 1 орынмен толықтырды.
Жалпы қорытындылай келе, VI Халықтық Спорт Ойындарын «Толағай» Жоғары спорт шеберлігі мектебі спортшылары 11 жүлдемен тамамдады: қазақ күресінен 1 алтын, 2 күміс, 2 қола жүлде, гір көтеру спортынан 2 алтын, 1 қола, тоғызқұмалақтан 1 қола, қол күрестен 1 күміс жүлде. Спорттық бағдарлаудан жалпыкомандалық 1 орынға ие болса, қол күрестен бір спортшының жарақат алуына байланысты жалпыкомандалық 5 орынмен шектелді.
Астана қаласының құрама командасының спортшылары мен жаттықтырушыларын шын жүректен құттықтаймыз!
https://www.facebook.com/100012829891417/videos/pcb.546250265812632/546249739146018/?type=3&theater