Астаналық мәнерлеп сырғанаушылар халықаралық турнирде жүлделі орындарға ие болды

2026 жылдың 11–13 қараша күндері Астана қаласындағы «Алау» мұз айдынында халықаралық ICE STARS CUP турнирі өтті.
Жарысқа Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінің спортшылары, сондай-ақ жеке бейтарап спортшылар қатысты.
Турнир қорытындысы бойынша елордалық мәнерлеп сырғанаушылар бірнеше жүлделі орынға ие болды.
Спортшыларымыздың нәтижелері:
* Шеина Карина – спорт шеберлігіне үміткерлер арасында 1-орын;
* Сарбалина Зере – спорт шеберлері арасында 2-орын;
* Смирнова Милания – 1-спорттық разряд бойынша 2-орын;
* Галямова София – 2-спорттық разряд бойынша 1-орын;
* Полехина Екатерина – 1-юниорлық разряд бойынша 2-орын;
* Курманбаева Арвина – 1-юниорлық разряд бойынша 2-орын;
* Ергали Сафи – 2-юниорлық разряд бойынша 1-орын;
* Ермухамет Диана – 2-юниорлық разряд бойынша 3-орын;
* Самет Аружан – 3-юниорлық разряд бойынша 3-орын;
* Баймуратова Анель – 2-юниорлық разряд бойынша 3-орын;
* Жанат Азалия – юниорлық мәнерлеп сырғанау бойынша 1-орын;
* Москаленко Арника – юниорлық мәнерлеп сырғанау бойынша 2-орын;
* Воробьева Даниела – юниорлық мәнерлеп сырғанау бойынша 3-орын;
* Усабаев Амир – 1-юниорлық разряд бойынша 3-орын.
Елордалық спортшыларды және олардың бапкерлер құрамын жүлделі орындарымен құттықтаймыз!





