Жаңалықтар
Астаналық семсерлесуші Мансұр Естеу U23 Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

2026 жылдың 28 қазан-2 қараша күндері Бахрейннің Манама қаласында 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында семсерлесуден Азия чемпионаты өтті.
Құрлықтық додаға 25 мемлекеттен 350-ден астам спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады.
Байрақты бәсекеде Астана қаласының спортшысы Мансұр Естеу Қазақстан құрамасы сапында командалық сайыста өнер көрсетіп, күміс медаль иеленді.






