Жаңалықтар

Елордалық боксшылар халықаралық турнирде жүлделі орындарға ие болды

2026 жылдың 27 қыркүйек – 5 қазан күндері Ақтөбе қаласында бокстан Б.Ақшолақовты еске алуға арналған халықаралық турнир өтті.

Жарыс қорытындысы бойынша Астана спортшылары 1 алтын, 3 күміс және 5 қола медаль жеңіп алды.

Алтын медаль:
* Сейтқасым Мирас — 75 кг;

Күміс медаль:
* Беисов Ансар — 80 кг;
* Раимбеков Даниал — 85 кг;
* Мұрат Әли — 55 кг;

Қола медаль:
* Өмірзақ Батыржан — 50 кг;
* Үсен Дархан — 65 кг;
* Азизов Икхмат — 50 кг;
* Сайлау Досжан — 75 кг;
* Мусаев Билал — +90 кг.

Спортшылар мен бапкерлер құрамын жүлделі нәтижелерімен құттықтап, алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз!

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button