Астана садақшылары Қазақстан чемпионатында командалық есепте көш бастады

2026 жылдың 5–8 қазан күндері Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында жастар арасында дәстүрлі садақ атудан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Ел чемпионатына еліміздің 11 өңірінен 60-қа жуық жас спортшы қатысып, төрт нысана бойынша бақ сынады.
Жарыс қорытындысы бойынша Астана қаласының спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, жалпы есепте 10 медаль жеңіп алды.
🥇 Батихан Айкөркем — «Жамбы» нысанасы
🥇 Батихан Айкөркем — «Орта Азия» нысанасы
🥇 Шаяхмет Нуриддин — «Пута» нысанасы
🥇 Орынбасаров Нұралла — «Орта Азия» нысанасы
🥈 Шаяхмет Нуриддин — «Қалқан» нысанасы
🥈 Батихан Айкөркем — «Қалқан» нысанасы
🥈 Жұмабаева Мерей — «Орта Азия» нысанасы
🥉 Жұмабаева Мерей — «Қалқан» нысанасы
🥉 Батихан Айкөркем — «Пута» нысанасы
🥉 Шаяхмет Нуриддин — «Орта Азия» нысанасы
Жалпы командалық есепте Астана қаласы 4 алтын медальмен бірінші орынға ие болды.
2-орын — Алматы қаласы (2 алтын медаль)
3-орын — Маңғыстау облысы (1 алтын медаль).
Осылайша елордалық садақшылар чемпионаттағы шеберлігін дәлелдеп, командалық есепте топ жарды.






